"Қостанай таңы"18.03.2014ж.,""Тәртіп пен құқық"27.03.2014ж.,"Біздің Қостанай"01.04.2014ж Медиация институты: ұғымы мен қолданылуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 Медиация институты: ұғымы мен қолдануы

Қазақстан судьяларының V–съезінде Елбасы сот жүйесі алдында басты міндеттердің бірінде құқықтық қатынастарда медиацияны енгізу мен қолдану керектігін айтқан. Сонымен қатар, Президент 2013 жылы қарашада өткен ҚР судьяларының VІ-съезінде: «Қазақстанның құқық жүйесін дамытудың ауқымды әлеуеті әсіресе әлеуметтік саладағы даулар мен қақтығыстарды шешудің баламалық жолдарын енгізуде жатыр. Медиация туралы заңнаманың жетілмегендігі біздің еліміздегі даулы жағдайларды реттейтін соттық емес институттардың дамуын тежеп отыр. Биылғы жылы барлық істің 1 пайызы ғана медиация тетіктерінің пайдаланылуымен қаралды. Медиация туралы отандық заңнаманы халықаралық стандарттармен сәйкестендіру керек. Бұл Қазақстанның сот жүйесіне оң ықпал етеді, соттардың жүгін жеңілдетуге септігін тигізетін болады. Сонымен қатар іскерлік белсенділікті арттыруға, елде қолайлы ивестициялық ахуал орнатуға әсер етеді», - деген болатын.

Медиатор – ол қорғаушы да, судья да, айыпталушы да, төреші де, кеңесші де, кеңес беруші де, ақпарат таратушы да емес, ол даудың тараптары таңдайтын және олардың дау-дамайын талқылау барысында шешім табуға  көмектесетін тәуелсіз, бейтарап және алаламайтын жеке тұлға.

Медиацияның артықшылығы: дауды сотсыз, уақыт пен қаражат,  эмоциялық көңіл-күй күштердің үнемдеумен, тараптардың өздері ерікті және тең негізде шешуінде. Дау қатаң құпия түрде қаралып, әр қатысушы мүддесін қанағаттандырумен шешім тараптардың өздерімен қабылдануында.

Медиация жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен болған азаматтық, еңбек, отбасы және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын дауларда (қақтығыстарда) қолданылады. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында  ауыр емес және орташа ауыр емес қылмыстар туралы істерде қолданылады.

Азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастардан туындайтын дауларға (жанжалдарға), егер мұндай даулар (жанжалдар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаса,  тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде медиация рәсімі қолданылмайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.

Медиацияның қолдану аймағы: отбасылық, еңбек, корпоративті, коммерциялық дауларда, мектептегі жанжалдарда, жәбірленуші мен құқық бұзушы арасында болған криминалды дауда, мәдениетаралық әрі діни дауларда және тағы басқа салада.

Медиатор не істейді?

- келісім сөздер барысын ұйымдастырады (мақсаты, тараптардың құқығы мен міндеттерін түсіндіреді)

-  әр тарапты тыңдайды (жеке/бірлескен кездесулер)

-  жағдайды пікірін білдіріп емес, сұрақ қоя зерделейді

-  басқа тарапқа кеңес бермейді және ақпаратты жеткізбейді

-  медиация барысын бақылайды

- тараптарға дауды баламалы түрде шешуге көмектеседі 

-  іске асатын ұсынылған шешім түрлерін талдайды (тексереді)

- қолдарын қойған соң дауға қатысушылар үшін міндетті болатын келісім дайындайды.

Қазіргі таңда «Медиация туралы» Заңның толық қарқында әрі қарай жұмыс жасауы мақсатында Қостанай облысы соттары медиация институтын насихаттау мен енгізу жөнінде азаматтардың сотқа жүгіну және сот тәртібі кезінде түбегейлі шаралар қабылдауда. Және тұрақты негізде медиативтік келісім орнату жолымен дауды соттан тысқары реттеу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізуде.

 

Қостанай облысының кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

                                                           кеңсе меңгерушісі Вадим Никифоров