Құрметті қала және облыс тұрғындары!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді баршамыздың ең киелі құндылығымыз – Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын!!

Осыдан ширек ғасыр бұрын Қазақстан Республикасы тарихи таңдау жасап, өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған еді. Содан бергі өткен уақыт аралығында Қазақстан бүкіл әлем таныған, төрткүл дүние төрінен ойып орын алған ілгері ел дәрежесіне жетті. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы.

Бүгінгі салтанатты күні Сіздергеге және отбасыларыңызға зор денсаулық, ізгілік пен шаттық, баянды бақыт тілеймін!