Құрметті жерлестер!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен  құттықтаймын!

Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді. Тәуелсіз мемлекетімізді халықаралық аренада жаңа деңгейге көтеріліп, өзгемен терезесі тең ел болуында Елбасының еңбегі орасан зор. Ол жеріміздің тұтастығын сақтай отырып, ел тыныштығы мен ауыз біршілікті, татулық пен достықты ту етіп көтеріп, жасампаз Қазақстан құрды. Алдағы уақытта да ел дамуы жолындағы игі істер қарқынды болады деген сенімім  мол.

Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, жақсылық пен қажымас қайрат тілеймін!
        Қазақстанның жұлдызы жарқырап, елімізде дәулетті де баянды өмір орнасын!