Сәлемдесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотының сайтына қош келдіңіздер!

Сот қызметкерлері үнемі жаңартып отыратын ресми сайт арқылы сотқа жүгіну – шынайы соттық ақпаратты жедел алудың бір жолы (сотқа келіп сот ғимаратында орналасқан ақпараттық киосктерден ақпарат алумен қатар).  

Байланыс телефондары, жұмыс уақыты, жүру сызбасы құжаттар үлгісі, жеке қабылдауды ұйымдастыру және өткізу қағидасы сынды  жалпы ақпараттармен қатар, сайтта нақты істердің қаралуы туралы мәлімет алуға болады. «Істердің қаралуы тізімі», «Сот құжаттармен танысу», «Сот істері жөніндегі анықтама», «Жоғарғы соттың және жергілікті соттардың сот актілер банкі»  бөлімдерінен тиісті ақпаратты алуға мүмкіндік бар.

«Сұрақ-жауап» бөлігінде («Төраға болгы» бөлімінде) сот жұмысын ұйымдастыру бойынша сұрақтарыңызды жолдап, ұсыныс қалдыруға болады.

Сонымен қатар Қостанай облыстық соты туралы кең ақпарат алу мақсатында сот тарихымен, сот құрылымымен, ақпараттық-технологиялық жаңашылдықтар туралы ақпаратпен танысуға болады. «Жаңалықтар» бөлімінде сот жүйесінде орын алып отырған жаңалықтар және сот залынан жазылған ақпараттар жарияланады.

Аудандық және оған теңестірілген соттарда да жеке сайттар бар. Олардың мекен-жайы және жұмысы жайлы ақпарат тиісті бөлімдерде орналасқан.

Құрметпен,

Қостанай облыстық сотының төрағасы  А.А.Мерғалиев.