Сот тарихы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қостанай облыстық сотының тарихы

1919 жылдың 29 қаңтарында Челябі губерниясы жанындағы Әділет бөлімі қаулысымен Қостанай қаласында жаңа халықтық сот құрылды. Сот қызметкерлерінің болмауына орай халықтық судьялар өздері істерді тіркеуші, сот отырысының хатшысы қызметін және де халықтық сот тергеушісі міндетін атқарған.

1926 жылдың 18 қаңтарында Қостанай губерниялық соты округтік болып өзгертіледі. Ол ҚазКСР халықтық Әділет коммиссариатына бағынған. 1926 жылдың 1 қаңтарында сот ғимараты Ленин көшесінің бойында орналасқан.

Қостанай облыстық соты Қостанай облысының құрылуымен 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылған.

Қостанай облыстық атқару комитеті президиумы кеңесінің 1937 жылғы 17 желтоқсандағы  қаулысымен Қостанай облыстық сотының төрағасы болып Батуев Иван Ефимович тағайындалған.

1939 жылы – сот төрағасы Мурнаев болған

1943 жылы – Бакиров облыстық сот төрағасы болды

1948-1950 жылдар аралығында облыстық сот төрағасы Я.Мазница. 1951 жылы – төраға Айтпаев, облыстық сот мүшесі Кузнецов.

1956 жылы Қостанай облыстық сотында төраға болып-М.Гришина, төраға орынбасары болып – И.Бугаев, халықтық судья болып – Мырзахметов жұмыс істеген.

1957 жылы сот төрағасы М.Фролов болған.

Қостанай облыстық соты 1956 жылдан бастап 1971 жылдың 1 ақпаны аралығында Еңбекшілер депутаттарының кеңесі облыстық атқару комитеті әділет бөлімі функциясын атқарған. Ол қалалық және аудандық халықтық соттар қызметін басқарып, Қостанай облысының нотариалды кеңселері қызметін басқарған. 1971 жылдың 1 ақпанынан әділет бөлімі ашылуына орай    нотариалды кеңселер аталған бөлімге қарайтын болған.

Қостанай облыстық сотының судьялары облыстық Еңбекшілер кеңесінің атқарушы комитеті мүшелерімен 5 жыл мерзімге тағайындалған. Облыстық соттың сандық құрамы Қазақ КСР Жоғарғы Сотының президиумымен бекітілген.

Қостанай облыстық сотында сот төрағасы, төраға орынбасарлары, сот пен халықтық алқа мүшелері болған. Сот құрамы азаматтық істер жөніндегі сот алқасы, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы, Президиум мен кеңседен тұрды.

Облыстық соттың президиумінің құрамы еңбекшілер депутаттары кеңесімен бекітілген.  Облыстық сот призидиумы төрағадан, төраға орынбасарларынан, аталмыш кеңес мүшелері белігілеген судьялардан құрылды.