Төраға

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы 1972 жылдың 2 сәуірінде Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылында туған. 1999 жылы заңгер мамандығы бойынша Ыстамбұл мемлекеттік университетін бітірген.

Сот саласында 2001 жылдан бері қызмет істеп келеді. Кәсіби еңбек жолын Павлодар облыстық сотының бас маманы қызметінен бастаған. 2003 жылдан 2007 жылға дейін  Павлодар қалалық сотының судьясы болып, 2007-2008 жылдар аралығында Павлодар облысы Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы қызметін атқарған. 2008 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының төрағасы; 2012 -2014 жылдарда Павлодар қалалық №2 сотының төрағасы болған. 2014 жылдың 17 маусымынан Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 18 желтоқсанындағы Жарлығымен Қостанай облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Мінсіз қызметі үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының, «ҚР Судьялар Одағы» төрағасының құрмет грамоталарымен марапатталған.

Үйленген. Үш бала тәрбиелеуде.