БАҚ

БАҚ өкілдеріне

10/01/2018

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында сағат 16.00-де Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 70 мекен жайы бойынша орналасқан Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша брифинг өтеді.

Іс-шараға   Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының міндетін атқарушы Роман Ғалымжанов, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрайымы Қарлығаш Шармұхаметов,  Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Игорь Дудин қатысады.

Қостанай облыстық сотында журналистермен кездесу өтті

13/04/2015

 Қостанай облыстық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілерімен және облыстық сот төрағасы Ғ.Мырзакенің, апелляциялық сот алқаларының төрағалары Д.Шипп пен А.Шәмшиевтің, судьялар әдебі жөніндегі комиссия төрағасы В.Шакунның және Кеңсе басшысы Н.Қатарбековтің қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг жұмысын бастаған облыстық сот төрағасы Ғ.Мырзаке жыл басынан бергі облыс соттары мен судьяларының жұмысын қорытындылап, журналистерге баяндады және де мұндай кездесулердің қажеттігін атап өтті.

Сарыкөл аудандық сотында брифинг өтті

19/08/2014

Бүгін Сарыкөл аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық қызметін ұсыну бойынша брифинг өтіп, оған Сарыкөл аудандық сотының төрағасы Н. К. Жумабаева және «Сарыкөл» аудандық газетінің бас редакторы Мусатова Айжан Бахитжановна қатысты.

Брифингте «Сот кабинеті» ақпараттық қызметінің енгізілу сұрақтары қозғалды.