қылмыстық іс

Жеті жасар қыз баланы ұрлау және өлтіру туралы резонансты қылмыстық іс Қостанай облысының соты қаралуына түсті

24/12/2014

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауына  аса қатыгездікпен бірнеше ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отырған 1983 жылы туған  Л.-ға қатысты қылмыстық іс келіп түсті.

Балалар шипажайының бас бухгалтері айыпты деп танылды

03/12/2014

Бүгін Рудный қалалық соты Анна В-ға қатысты қылмыстық іс қарады.Ол ҚР Қылмыстық кодекстің 176-бабы 3-бөлігі және 307-бабының 1-бөлігі бойынша айыптыдеп танылды.

Азаматша В.  Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы «Рудный қалалық балаларға арналған туберкулезге қарсы шипажай» коммуналдық мемлекеттік мекемеде бас бухгалтер қызметін атқарған.Ол 2011 жылдың қаңтарынан 2013 жылдың желтоқсаны аралығында қасақана меншіккке және мемлекет мүддесіне қарсы бірқатар қылмыс жасады.

Таран аудандық сотына бюджет қаражатын және қызмет бабында жалған құжат жасау фактісі бойынша қылмыстық іс түсті

29/09/2014

Таран аудандық сотының іс жүргізуіне ҚР ҚК-нің 176-бабы 3-бөлігінің «б, г» тармағы, 314-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасауда айыпталған Таран ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Таран ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс түсті.

Қостанай қаласы №2 сотына түскен іс

24/09/2014

Қостанай қаласы №2 сотының іс  жүргізуіне азаматша мен жеке нотариусты ірі мөлшерде нұқсан келтірілген алдын ала сөз байласу, алаяқтық бойынша жасанды ресми құжаттарды пайдалануда айыптау бойынша қылмыстық іс келіп түсті

13 жыл бойы ер мен әйел нақты некелік қатынаста тұрған, ер адам сал болып қалған кезде, оны жиені күтіп-қамқорлық жасаған.

Ұлғайған жастағы әйелдің жеке өмірі туралы толығымен білетін 47 жастағы жиені Г. жеке нотариус М.-мен алдын ала сөз байласу арқылы қартайған әйелдің мүлкін иемденіп алған.

Қызметке адал қарамағаны және ұқыпсыз қарым-қатынасы салдарынан мемлекетке 17 860 000 теңге нұқсан келтірілді

24/09/2014

Мемлекеттік мекеме газбен жабдықтау бойынша жобалы-сметалық құжаттарды орындауға мемлекеттік тапсырыс беру туралы шарт жасасқан. ЖСҚ мердігері мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысымен келісілген мерзімде ұсынуы тиіс болатын. Жұмысты орындауға ақша қаражаты бөлінген.

Басқа шарттар жасасқан кезде, топогеодезистік және инженерлі-геологиялық жұмыстар атқару тағы да қосылған, нәтижесінде негізсіз төлем қайтадан жүргізілген.

«Рубин» дүкеніне шабуыл жасап тонау туралы қылмыстық іс түсті

24/09/2014

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне ҚР ҚК-нің 251-бабының 2-бөлігі, 179-бабы 2-бөлігінің «а,г» тармақтары, 242-бабы, 179-бабы 4-бөлігінің «б» тармағы көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпталушы Алибаев пен Искаковқа қатысты қылмыстық іс түсті.

Аккумуляторларды ұрлау

22/09/2014

Жітіқара аудандық сотының үкімімен 1983 және 1984 жылы туған туыс ағайындылар 1 жылға және 1 жыл 8 айға бас бостандығын шектелуіне сотталды.

Сот отырысында сотталғандар К.-ға тиесілі әр бірі 40 000 теңге құндығы бар «6СТ-190 N» маркалы екі аккумуляторларды ұрлағаны бойынша кінәсін мойындады.

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен үкім шығарылды

18/09/2014

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 1986 жылы туған И.В. Небунуға қатысты қылмыстық іс қаралды.                        И.В. Небуну  2014 жылы ҚР ҚК-нің 175 бабы 2 бөлігі «а, в» тармақтары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Өзіне осыдан ешбір қорытынды жасамай, тұзу жол тұрмай тағыда аса ауыр қылмыс жасады.

Беттер