Жітіқара аудандық соты

Жол қозғалысының ережелерiнің бұзу

24/10/2014

 

 

2014 жылғы 15 қазандағы сағат 10.00 шамасында Жітіқара ақаласы, 7 шағын ауданында 1955 жылы туған азамат А. «Мазда» маркалы көлік құралын басқара отырып Жол қозғалысының ережелерiнің 8.13 тармағын бұзып қозғалуында қозғалысқа қауiпсiздігіне көз жеткізбей  және «Опель Вектра» көлік құралымен соқтығыс жасаған, жол көлк оқиғасы салдарынан көлік құралдарына материалдық зиян келтірілген.

Мас күйінде көлік жүргізген

24/10/2014

 

 

2014 жылғы 14 қазандағы сағат 11.00 шамасында 1973 жылы туған азамат К. «Москвич М 21-40» маркалы көлік құралын Жітіқара-Забеловка автомобиль жолында алкогольден масаң күйінде басқарып полиция қызметкерлерімен ұсталған, сонымен ол Жол қозғалысының ережелерiнің 2.7.1 тармақтарын бұзып ҚР ӘҚБтК-нің 467 б. 1 б. көзделген құқық бұзушылық жасаған.

Судьялармен брифингтер өткізілген

20/10/2014

Бүгін Жітіқара аудандық сотымен «2014 жылғы 09 айларында сот төрелігін іске асыру бойынша нәтижелерін шығару» және «Сот медиациясы» тақырыптары бойынша брифингтер өткізілді.

Жітіқара аудандық сотында жаңа судья

10/09/2014

2014 жылғы 09 қыркүйекте Жітіқара аудандық сотының ұжымына 2014 жылғы 29 тамыздағы № 899 «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату» туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен тағайындалған судья Айсулу Карпыковна Ахмедова таныстырылды. Судья лауазымына тағайындалғанға дейін А.К. Ахмедова Қостанай облысы Рудный қалалық сотының бас маманы болып жұмыс атқарған.

3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл

03/09/2014

1995 жылы туған азамат Г. сот отырысында кінәсін мойындап келесіні көрсетті, 30.08.2014 жылы 4 мөлтек ауданында № 26 үйдың кіреберісінде шыны бөтелкіні жерден көтеріп  лақтырғанын, ол құлағаннан сынған, өзі алкогольден масн күйінде болған.

2014 жылғы 2 қыркүйектегі Жітіқара аудандық сотының қаулысымен азамат Г. ҚР ӘҚБтК-нің 330 б. 1 б. бойынша жасалған әкімішілік құқық бұзушылықта кінәлі деп таналып үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 5556 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Салтанатты жиналыс

29/08/2014

2014 жылғы 28 тамызда Жітіқара аудандық сотында Қазақстан Республикасы Конституция күні меркесіне байланысты судьялардың, сот қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиналыс өткізілді.

Аталған шараларға қатысу үшін сот жүесінің отсавкаға шыққан судья Л.Н. Гончарова, зейнеткерлер Т.Я. Лукашевич, Л.А. Шустова, Р.К. Тустукпаева шақырылды.

Сот төрағасы Н.К. Бекишев барлығын келе жатқан мерекемен құттықдаты. Кейін шақырылған қонақтар шай ішуге шақырылды.

Беттер