Архив событий

16/06/2021

Отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелері

16/06/2021

Қамысты аудандық сотының төрағасы Наталья Бурбаева Қамысты аудандық мәслихатының депутатының, "Қамысты ауданының көшбасшы әйелдері" клубының төрағасының шақыруымен іскерлік  кездесуге қатысты.

Іс-шараға Қамысты ауданы ауылдарының әкімдері, мектеп өкілдері, Алтынсарин және Арқа ауылдарының тұрғындары қатысты.

Кездесуге қатысушылар медиация институтын дамыту, отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелерін талқылады.

Дау бойынша бітімгершілік жасалды

16/06/2021

Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексіне сәйкес, дауды бітімгершілік  жолымен реттеу азаматтық сот өндірісінің мақсаты болып табылады.

         Қостанай қалалық сотымен кезекті дау медиация тәртібімен реттелді.

         «А» ЖШС-і тұрақты клиенті Д.-дан қарызды өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

         Тараптар арасында өсімдіктерді қорғау заттарын алу туралы жалпы сомасы 5 149 900 теңгеге шарт жасалған.