Архив событий

23/06/2021

Қостанай облысы соттарының мамандары бірнеше сайысқа қатысты

23/06/2021

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай «Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі» РМБ қызметкерлері Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған іс-шараларға қатысты. 

Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының аға сот приставтары Қайрат Еділбаев пен Бейсен Ташмағанбетов мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен шахматтан турнирге қатысты.

Салтанатты жиын өтті

23/06/2021

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Басшы Сергей Леонов әріптестерін айтулы мерекемен құттыптап, мемлекеттік қызметкер атану қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен сенімнің белгісі екенін атап өтті.

Жұмысын абыроймен атқарған қызметкерлерге Қостанай облысы әкімінің атынан, Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті атынан құрмет грамоталары табысталды.