Апелляциялық сатыда алимент туралы дау медиация тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер М. әкесінен жиырма бір жасқа толғанға дейін күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орнында оқу кезеңіне алимент өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 143-бабының нормаларына сәйкес еңбекке қабілетті ата-аналар көмекке мұқтаж өздерінің еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырауға міндетті. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент мөлшерін тараптардың материалдық және отбасылық жағдайына және басқа да назар аударарлық мүдделеріне сүйене отырып, алимент төлеу сәтінде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынаста сот айқындайды.

Қостанай қалалық сотының шешімімен талап-арыз ішінара қанағаттандырылды, әкесінен ұлының пайдасына мекемеде оқу кезеңіне ай сайын 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндірілді.

 

 

Источник: 
Пресс-служба Костанайского областного суда