Ішкі істер органдарындағы қызметке қайта орналастырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2021 жылғы сәуірде Қостанай облысы ПД тәртіптік комиссиясының қорытындысымен Қостанай облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары М. теріс себептер бойынша (билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін) ішкі істер органдарынан шығарылған.

Қостанай қаласының №2 сотының 2022 жылғы 08 сәуірдегі үкімімен М. қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылып, ақталды.

Қостанай облысының полиция департаментінде қызметке қайта орналасу үшін М. сотқа жұмыстан босату және қызметке қайта алу, амалсыз бос жүрген уақытқа ақы төлеу, моральдық зиян өндіріліп алу және заңгерлік көмек көрсету туралы бұйрықтың күшін жою туралы талап-арызбен жүгінді.

Сот М. амбулаториялық емделуде болған кезде жұмыстан босату туралы бұйрық шығарылғанын анықтады. Қызметтік тергеу материалдары да тәртіптік теріс қылық неден көрініс тапқаны ашылмаған.

Қостанай қалалық сотының 2022 жылғы 01 қыркүйектегі шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды: Қостанай облысы ПД тергеу басқармасының Аймақтық бақылау бөлімі бастығының орынбасары- полиция полковнигінің лауазымынан босату туралы бұйрығы заңсыз деп танылды және күшін жойды, ішкі істер органдарына бұрынғы лауазымына қалпына келтірілді.

Сондай-ақ амалсыз бос жүрген уақыт ішінде жоғалған табыс өндірілді. Қостанай облысы полиция департаменті бастығының атына жеке ұйғарым шығарылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай қалалық соты