Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рудный қаласының тұрғынына қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қылмыстық істі қарады.  (ҚК 24- бабының 3- бөлігі, 99- бабының 2- бөлігі 1 тармағы) және (24 бап 3 бөлігі, 99 бап 3- бөлігі).

 

Сотта анықталды:

2022 жылдың 16 наурызында психикалық аурумен ауыратын, соның салдарынан өзінің іс-әрекетінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсінбейтін Рудный қаласының тұрғыны М., жақтырмаушылық негізінде көршісі Б. мен оның 2018 жылы туған жас ұлы Б.-ға тез жаңғыш сұйықтық құйып жібереді. Нәтижесінде әйел мен оның ұлының денсаулығына ауыр зиян келтіретін термиялық дене күйіктері пайда болды.

М.-ның әрекеттері оған тәуелсіз мән-жайлар бойынша аяқталмады, жәбірленушілерді жалыннын сол кезде пәтерде болған басқа адам құтқарды және жедел медициналық көмек уақтылы көрсетілді.

М.-ның қылмыстық заңмен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекетті жасаудағы кінәсі, ол әрекетті жасаған кезде психикалық ауруының болуы салдарынан есі дұрыс емес күйде болғаны куәгерлер мен сарапшы- психиатрдың айғақтарымен, сондай-ақ қылмыстық іс материалдарымен, оның ішінде стационарлық кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысымен расталған.

 

Сотн қаулы етті:

ҚК-ның 16-бабына сәйкес осы Кодексте көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекетті жасау кезінде есі дұрыс емес күйде болған, яғни өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмаған немесе созылмалы психикалық ауру, уақытша психикалық бұзылыс, деменция немесе психиканың өзге де ауыр жай-күйі салдарынан оларға басшылық жасай алмаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Сот есі дұрыс емес деп танылған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін.

Осыған байланысты сотта М.- ға қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды және ол қылмыстық заңның тікелей талабына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Бұл ретте сот М. қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу тағайындады.

Жәбірленуші Б.-ның моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты