Сыбайлас жемқорлық сипатта түскен қылмыстық іс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 8 сәуірде Арқалық қалалық сотына сыбайлас жемқорлық сипатта коммуналдық мемлекеттік мекеменің есепшілеріне қатысты қылмыстық іс түсті, олар сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi iрi мөлшерде иеленiп алу және қызметтiк жалғандық жасаумен айыпталуда (ҚР ҚК-нің 176-бабы 3-бөлігінің «б,г» тармағы, 314-бабы 1-бөлігі).

Тергеу материалдарына сәйкес, Арқалық қаласының үш тұрғыны, КММ-ң есепшілері қызметін атқара отырып, алдын-ала сөз байласумен, 2013 жылғы қаңтар мен қазан айлары аралығында, аванс сомаларын негізсіз өздеріне аударған, олар олардың жалақыларынан кейін ұстап алынбаған, сондай-ақ, КММ есебінен жеке кәсіпкерлер есебіне   ақша сомаларын аударып, кейін ол сомаларды  қолма-қол ақшаға айналдырып, әртүрлі заттар сатып алуға, несие төлеуге, тағы басқа қажеттеріне жұмсаған. Бұрынғы есепшілердің іс-әрекеттерімен мемлекетке жалпы құны 2 048 312 теңгеге шығын келтірілген. Олар өздеріне тағылған айыпты толық мойындады.

Қазіргі уақытта іс соттың өндірісінде.