Жоғалып кеткен Лисаков тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс сотта қаралатын болады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарауына ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша (адам өлтіру) айыпталған 1992 жылғы Ж-ға қатысты қылмыстық іс түсті. 

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Лисаков қаласында кешкі сағат 9 шамасында Ж. 32 жастағы жәбірленуші П-мен көлікке отырып қала сыртына шығып, ортақ келісіммен жыныстық қатынасқа түскен. Осыдан кейін жәбірленуші П.  жақын құрбысы бола тұра онымен жақындасқан жігіт әрекетінің дұрыс еместігін айтып Ж-ны айыптай бастайды. Және де болған жайтты бойжеткенге айтып салуға уәде етеді. Бұған ашу шақырған Ж. әйелді өлтіруге шешім қабылдап, екі қолымен П-ны буындыра бастайды. Жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан.   Ж. өлі денені саяжайлық үйдің жерқоймасына жасырған.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі