Архив событий

13/07/2016

Қостанай облыстық сотының төрағасы жұмыс сапарымен Арқалық қалалық сотында болды

13/07/2016

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев жұмыс сапарымен Арқалық қалалық сотында болды, онда судьялар мен сот мамандарымен кездесу өткізді.

Кездесу кезінде сот жүйесінің қызметі мәселелері туралы сөз болды.

А.Мерғалиев Жоғарғы Сотқа бекітілген мемлекет Басшысының Ұлт Жоспарын іске асыру туралы айтып берді. Азаматтардың сот төрелігіне қол жетімділігінің кеңею, бітімгершілік рәсімдері институты, сот төрелігінің үш сатылы жүйесі мәселелері және заңнамадағы өзгерістер туралы сөз қозғады.