Архив событий

01/07/2016

Сот Қостанай облысының тұрғынын абайсызда қазаға ұшыратқаны үшін кінәлі деп таныды

01/07/2016

Қостанай облысының Науырзым аудандық соты Раздольное ауылының тұрғыны Сергей Меркушевты, 1991 жылы туған, ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі (абайсызда қазаға ұшырату) бойынша кінәлі деп таныды.  Бетінен соққы алып, жерге құлаған ауылдасы, бір ай ауруханада жатып қайтыс болды.

Осы жылғы 18 сәуірде Науырзым ауданы Раздольное ауылында 00.30 минуттар шамасында С.Меркушев мас күйінде жәбірленуші Р.Магадеевпен төбелесіп қалған.

Жітіқарада қылмыстық іс бойынша куә сотқа мас күйінде келген, сол үшін бір тәулікке қамауға алынды

01/07/2016

Қостанай облысы Жітіқара аудандық сотында азаматша М.-ға, 1974 жылы туған, қатысты әкімшілік іс қаралды, ол қылмыстық іс бойынша куә бола отырып, басты сот отырысына мас күйінде келген.

Сөйтіп, сотқа құрметтемеуін білдірген, сотта белгіленген тәртіпті бұзған, ҚР ӘҚБтК-тің 653-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған.

Құқықбұзушы кінәсін мойындап, сот отырысы залында мас күйінде болғанын растады, ол туралы сот отырысының хаттамасы да дәлел.