Архив событий

02/08/2016

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

02/08/2016

2016 жылдың 04 тамызында сағат 15.00-де Қостанай қалалық сотынның ғимаратында ҚР «Медиация туралы» Заңының қабылдану күні қарсаңында Қостанай облысының МАЭС-ы, Қостанай қалалық соты және Қостанай қаласының №2  соты  бірлесіп «Ашық есік күні» шарасын өткізеді.

Өткізілу орны:Қостанай қаласы, Жеңіс көшесі 72,

тел. 54-85-18, 57-44-19, 54-94-99

Есірткі затын заңсыз алып өтпек болғаны азаматқа миллион теңге айыппұл салынды

02/08/2016

Қостанай облысының Қарабалық аудандық соты ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі, 286 бабы  1 бөлігі, 296 бабы 2 бөлігі бойынша айыпталған Лисаков тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ағымдағы жылдың 14 маусымында Лисаков қаласында Тобыл өзенінің жағалауына таңғы жүгіріске шыққан азамат М. жабайы өскен қарасораны байқап, оны шегіп көруді жөн көреді. Осылайша, ол өсімдіктің бір уыс жапырағын қалтасына салып, үйінде түтікке орап шегіп, қалған бөлігін сақтап қойған.