Архив событий

12/08/2016

Арқалықта электрошокер сақтаған азаматқа 30 мың теңге айыппұл салынды

12/08/2016

Арқалық қалалық сотында 1966 жылы туған азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша ағымдағы жылдың 9 маусымында  Арқалық қалалық ІІБ полиция қызметкерлері  «Балажан» сауда орталығында азамат Ж-дан  ішкі істер органдарында тіркелмеген электрошокерді әшкерлеген. 

Сот отырысы барысында Ж. өз нінәсін мойындап, тауарды шам ретінде Алматының базарынан сатып алғанын айтып, шамның элетрлік қаруға жататындығын білмегененін мәлімдеді.