Архив событий

13/09/2016

Алимент бойынша борышы 885 мың теңге болған Қостанай тұрғыны 5 тәулікке қамауға алынды

13/09/2016

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1977 жылы туған С-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабы (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша жауапқа тартылған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат С. 1999 жылы туған баласына алимент ретінде азаматша С-ға ай сайынғы кірісінің 4/1 бөлігін төлеп тұру туралы сот бұйрығын орындамаған.

«Zakon.kz» ақпараттық порталында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің қатысуымен интернет-конференция өтеді

13/09/2016

Интернет-конференция республика сот органдарының қызметіне, соның ішінде Елбасының республика судьяларының VI съезінде алға қойған міндеттерінің және  Ұлт Жоспарында Жоғарғы Сотқа жүктелген 11 қадамның іске асырылуына, сондай-ақ алдағы республика судьяларының VII съезіне қатысты мәселелерге арналады.

Қ.Мәми интернет-конференция барысында соттардың жұмысы және тұтастай алғанда сот жүйесінің қызметі туралы азаматтардың сұрақтарына жауап береді. Заңды күшіне енбеген сот актілері туралы сұрақтарға жауап беру көзделмейді.

Анасын балағаттағаны үшін 10 тәулікке қамалды

13/09/2016

 Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК 73 бабының 2 бөлігі бойынша 1974 жылы туған азамат А.қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде, сағат 11.30 шамасында Қостанай қаласы, Абай к-сі, 27  мекен-жайы бойынша тұратын азамат Ц. өз анасы А-ны балағаттап, дене жарақатын келтірумен қорқытады, осылайша отбасының тыныштығын бір жылдың ішінде екінші рет бұзады, осы әрекетімен ӘҚБтК 73 бабының 2 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзшылықты жасаған.