Архив событий

04/01/2017

Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлаушыға қатысты сот отырысы басталады

04/01/2017

Қостанай қаласының №2 сотына ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша (терроризм актісі бойынша көрнеу жалған хабарлау) айыпталып отырған 29 жастағы П-ға қатысты қылмыстық іс түсті.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 16 қазанында таңғы сағат 04.30 шамасында Қостанай қаласының Клюцевая көшесі №24 үй мекен-жайы бойынша өз үйінде болған П. мас күйінде қалта телефонынан "102" нөміріне телефон шалып ет комбинаты ауданында жарылыс болатындығын хабарлаған. Тексеріс барысында хабарламаның жалған екендігі анықталған.