Архив событий

13/01/2017

БАҚ өкілдерінің назарына!

13/01/2017
Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында сағат 11.00-де Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы және қоғамдық резонансқа ие болған қылмыстық істерді қарау нәтижесі бойынша  брифинг өтеді.
Осы күні сағат 15.00-де Қостанай қалалық сотында да брифинг жоспарланып отыр. Шараға аталған соттардың төрағалары қатысады.

 

Нигерия азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

13/01/2017

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК 517-бабының 6-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша айыпталған 23 жастағы Нигерия азаматы М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, биылғы жылдың 5 қаңтарында Қостанайда шетелдік  азамат тіркелу кезінде көші-қон корточкасына қойылған мерзім өткеннен кейін қайта тіркеуден өтпеген. Бұл оның соңғы бір жылда екінші әкімшілік құқық бұзушылыққа жол беруі.