Архив событий

31/08/2017

Рудныйда сот құжат жоғалтқан азаматшаның туу туралы тіркеуінің заңды фактісін орнатты

31/08/2017

 Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Башкирия АССР Уфа қаласында 1965 жылы 29 қаңтарда туылған күнін тіркеуінің заңды фактісін орнату туралы арызбен сотқа жүгінген. Азаматша А.-ның туу туралы куәлігі жоғалған, қалпына келтіру мүмкін емес, жазбасы сақталмаған.

Башкортостанның Уфа қаласының АХАЖ органының мұрағат қорына сұраныс нәтижесіз болды. Аталған мекеменің мәліметтеріне сәйкес азаматша А.-ның туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбасы негіздердің болмауына орай қалпына келтіруге жатпайды делінген.