Архив событий

14/09/2017

Қостанай облыстық соты әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмауынан әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді қысқартып, азаматтың құқығын қорғады

14/09/2017

 Қостанай облыстық соты бірінші саты сотының қаулысымен келіспеген 57-жастағы Борис Безруковтың шағымы бойынша әкімшілік істі қарады.Ол 2007 жылы бар қажетті құжаттарын жинап, Рудный қаласының «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» РМК өкілетті органға гаражын заңдастыру туралы арыз берген.  Екі рет құжаттарына барса да олар дайын болмаған. Кейін оған құжаттар әділет басқармасына жолданғаны хабарланды,  бір айдан кейін ғана алу керек болатын. Азамат ең соңында ол туралы ұмытып кеткен.