Архив событий

16/04/2024

Сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету

16/04/2024

Қамысты аудандық сотында жымқыру, яғни сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін қызметтік ережені пайдалана отырып, ірі мөлшерде ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы).

Сотта анықталғандай, 2022 жылғы 1 маусым мен 2023 жылғы 16 тамыз аралығында Т. өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып (бухгалтер-кассир) кәсіпорын кассасынан 8 600 000 теңгедан астам сомада қолма-қол ақша қаражатын алып жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Сот отырысында Т. өзінің кінәсін толық мойындады, жасаған ісіне өкініш білдірді.