Архив событий

10/04/2024

Жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде білім беру мекемесінде ӘРПК ережелері бойынша кездесу

10/04/2024

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы М. Жанбекова «ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы» РММ «Әкімшілік рәсімдер: қағидаттар мен тәртіп» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар жүзеге асыратын әкімшілік рәсімдердің проблемалық мәселелері, оларды шешу жолдары, принциптері мен тәртібі талқыланды.

Колледж студенттерімен «Ашық есік күні» өткізілді

10/04/2024

Арқалық қалалық сотында сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында, Арқалық көпсалалы колледжінің заңгер мамандығының студенттерімен «Ашық есік» күні өткізілді.

 Кездесу барысында судья С.А.Ержанов студенттерге сот жүйесі, сот жүйесін жаңғырту, сот ісін жүргізу ерекшеліктері, әкімшілік әділет, сот жүйесіндегі жаңашылдықтар, татуластырушы судьялардың жұмысы, кәмелетке толмағандардың құқықтары, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың  алдын-алу мәселелері туралы түсіндірді.