Оқу орталығының ЕРЕЖЕЛЕРІ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 Қостанай облысы соттарының аймақтық оқу орталығының ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

1. Жалпы ережелер

Қостанай облысы соттарының аймақтық Оқу орталығы (ары-қарай оқу отралығы) Қостанай облыстық сотының білім беретін ортасы болып саналады.

Оқу орталығы  сот төрелігін сапалы іске асыруын қамтамасыз етуге, сот процессінің мәдениетін көтеруге, сот корпусының үздіксіз  біліктілігін арттыру мақсатында құрылған.                                                                                                                    

Оқу орталығының міндеттері:

 - сот – құқығы реформасының әріқарай  жоғары сатыда дамуына жәрдемдесу, сот жүйесінің беделін арттыру;

- оқу және тәжірибе арқылы  заңғылымының деңгейін  нығайту;

 - судьяларды оқыту кезіндегі сұраныстарын талдау, оқыту әдісі мен түрлерінің  басымдылығын анықтау;

- құқық қолдану тәжірибесі бойынша ерекше өзекті мәселелерді табу және талқылау, құқық нормасындағы  заңды біркелкі қолдану;

- соттарды құқықтың әртүрлі салаларын оқуға ұйымдастыру;

- Тәлімгер Кеңесіне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, менторларға және облыстың базалық соттарындағы жас судьялардың кәсіпкерлігін арттыру;

- Облыс судьяларының республикалық, облыстық және аймақтық оқу жоспарларына қатысуын ұйымдастыру;

- Сот жүйесінің беделін арттыру;

Оқу орталығының  оқыту жоспары Қостанай облысының барлық судьясына көзделген.

Оның ішінде:

 - судьялық жұмыс өтілімі  аз  судьяларға;

- құқық қолдану тәжірибесінде қиындық көретін, сот төрелігін жүзеге асыру процессінде қателіктер жіберетін судьяларға ерекше назар бөлінеді.

Өз қызметінде Оқу орталығы:

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының
2012 жылғы «02» қарашада №326 өкімімен бекітілген облыстық және оған теңестірілген соттардың оқу орталықтары туралы үлгі Ережесін;

-  Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдардағы соттың құрылымының стратегиялық жоспарының  тұжырымдамасын;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының
2012 жылғы «02» қарашада №326 өкімімен бектіліген Тәлімгерлік туралы
Ережесін;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2012 жылғы «02» қарашада №326 өкімімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының жанындағы  Сот оқуы жөніндегі үйлестіру кеңес туралы Ережесін;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2012 жылғы «02» қарашада № 326  өкімімен бекітілген аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының  жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту қағидасын;

- осы Ережені және басқа да құқықтық нормативтік актілерді басшылыққа алады.

2. Ұйымдастыру жұмысы

2.1. Оқу орталығы Қостанай облыстық соты төрағасының өкімімен Қостанай облыстық сотының базасында құрылған.

2.2. Оқу орталығы үш секциядан тұрады:

- Азаматтық құқық және процесс;

- Қылмыстық құқық және процесс;

- Әкімшілік құқық және процесс;

2.3. Оқу орталығының жетекшісі- оқу бағдарламаларының үйлестірушісі оқу орталығының жұмысына жалпы басшылықты ұйымдастырады.

Нақты әр секцияның ұйымдастыру жұмысын оқу орталығының мүшесі -модератор  атқарады.

2.4. Оқу орталығының жетекшісі Оқу орталығының жұмысын ұйымдастырып, модераторлардың жұмысын үйлестіреді. Ол үшін:

- Соттардың оқу кезінде қалаған қажеттіліктері және құқық қолдану тәжірибелеріне байланысты, модераторлар мен қосаалқа төрағаларының келісімі мен дәріс тақырыптарын, семинарларды, тәжірибелік сабақтарын дайындайды.

- Оқу орталығының жұмыс жоспарын облыстық  сот төрағасының келісілуіне ұсынады.

- Облыстық сот төрағасына облыстық сотта  және ҚР Жоғарғы Сотында тағылымдамадан өтуге судьялардың кандидатурасы туралы ұсынысты енгізеді;

 - Тәлімгер кеңесімен, базалық облыс соттарының төрағаларымен, Жоғарғы Соттағы оқу орталығының үйлестірушісімен, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқарма Академиясының  сот әділдік институтымен, Судьялар Одағы және оның Қостанайдағы филиалымен судьяларды оқыту кезіндег іс-шараларды жүзеге асыру үшін бірге жұмыс істеуді;

- Жыл қорытындысы бойынша атқарылған жұмыс жайында облыстық соттың төрағасына ақпарат беру;

- оқу процессін жетілдіру кезінде, сонымен қатар білім бағдарламасына белсене қатысқан судьяларды көтермелеу жөнінде ұсынымды облыстық соттың төрағасына ұсыну;

2.5. Оқу орталығының мүшесі  модераторлар секцияның жұмысын ұйымдастырушы болғандықтан:

- секциялық  сабақтардың тақырыбын дайындауға қатысады,

- оқу жоспары бойынша секциялық сабақтардың өтуін ұйымдастырады:

-тағылымдамадан өтетін жас судьялардың басшыларына облыстық сотта тағылымдамадан өтетін жоспарларын орындауға тәжірибелік көмек көрсетеді:

- облыстық соттың сот алқаларына тағылдамадан өткен судьялардың жұмыс қорытындысын талқылауға қатысады.

3. Оқу процессін ұйымдастыру

3.1. Оқу процессі келесі бағыттар мен жүзеге асады:

- жеке сабақтар;

- аудиториялық және ашықтық сабақтар;

- тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру.

3.2. Жеке сабақтар тікелей жетекші мен бекітілген ( төраға және сот алқасының төрағаларымен) судьялардың  жеке оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады;

3.3 Облыстық сот төрағасының келісілуімен аудиториялық сабақтар оқу орталығының оқу жылына жасалған жоспары негізінде үш бағытта жүзегеа сырылады:

- дәрістер;

- семинарлар (облыстық, БКБ);

- тәжірибелік сабақтар.

Оқыту облыстық соттың судьяларынан, сонымен қатар қалалық және аудандық соттардан нақты мамандандыру бойынша жеткілікті тәжірибесі  бар судьялар, жоғарғы оқу орнының оқытушылары және басқа да құқық саласының мамандар мен дәріскерлерімен өткізіледі.

4. Судьялар тағылымдамасы

Облыстық сотта судьялар тағылымдамасы –Оқу орталығы жетекшісінің алқа төрағаларымен келісіліп жасалынған және облыстық сот төрағасы мен бекітілген, тағылымдама кестесі негізінде облыстық сот судьяларының ішінен тағайындалған жетекшінің басқаруы мен жүзеге асырылады.

Тағылымдамадан өтуші судья тағылымдаманың соңында облыстық сот алқасында тағылымдамадан өтуге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсеткен жетекшілері мен болатын отырыста есеп береді.

5. Базалық соттарымен және тәлімгерлер Кеңесімен өзара байланыс

Оқуорталығының базалық соттар мен және тәлімгерлер Кеңесімен байланысы өзара   жұмыс істеуі келісім негізінде  қойылған.

6. Материалды-техникалық қамтамасыз ету

Оқу орталығын материалды-техникалық қамтамасыз етуі Қостанай облыстық соты төрағасымен бекітілген жоспарына сәйкес Қостанай облысы бойынша соттар  әкімшісімен жүзеге асырылады.