"Заң" газеті 19.02.2014 ж. Депутаттар қолдау көрсетуге дайын

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

  Қостанай облыстық сотында «Сот төрелігін атқару мәселелері бойынша заң жобаларын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Парламент Мәжілісінің депутаттары О.Киколенко, И.Аронова, «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Жалыбин мен Қостанай облыстық сотының судьялары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес дөңгелек үстелде заман талабына сай өзгертулер мен толықтыруларды талап етіп отырған еліміздің конституциялық заңдары мен кодекстерін талқылап, жаңа өзгерістерге қатысты пікірлерін ортаға салды. Басқосуға келген Мәжіліс депутаттары судьялардың пікірлерімен танысып, Қылмыстық кодекстің және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясындағы жобаларды қызу талқылады. Өз кезегінде облыс судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ұстанымын қолдайтындарын жеткізді.
Қостанай облыстық соты Оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел соңында Парламент Мәжілісінің депутаты Ольга Киколенко шараға қатысушыларға және барлық Қостанай облысының судьялар корпусына алғысын білдіріп, еңбектеріне табыс пен береке тіледі. «Біз, Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге нақты көмек көрсетуге дайынбыз», – деп сөзін түйіндеді халық қалаулысы.

Автор: Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі