Арқалық қаласының тұрғыны ауруханадан сот арқылы моральдық шығын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арқалық қалалық сотының шешімімен жергілікті аурухана 50 мың теңге моральдық өтем төлеуге міндеттелді. Сот шешімімен аурухана бұл қаржыны азаматша С. пайдасына өндіруі тиіс.

Азаматтық іс материалдары бойынша, 2014 жылдың 16 қаңтарында азаматша сол аяғының башпайын шығарып алған. Ем іздеген әйел алдымен халық емшілеріне барып шыққан башпайын салдырады. Ауруханаға арада бір айдан астам уақыт өткесін келген әйел рентген түсірілімін жасап халық емшісі емінің нәтижесін көрмек болған. Түсірілім шыққан башпайдың салынбағанын көрсеткендіктен келесі күні науқасқа ота жасалады. Алайда емнің соңы башпайды кесіп тастаумен аяқталған.

Талапкер аурухананың және дәрігердің кінәсі  салдарынан ол жан және тән күйзелісіне ұшырадым деп санайды.

Сот талапкердің шағымын жартылай қанағаттандырды. Апелляциялық сот алқасы бірініші сатылы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.    

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі