Қостанайда жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады
Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың 19 сәуірдегі
Жарлығымен Қостанай облысының аудандық және оған теңестірілген сот
судьялары тағайындалды.
Арқалық қалалық сотына - Базылов Алмат Батыржанұлы пен Бисембаев
Арсем Дәлетұлы;
Қостанай қаласының No2 сотына - Баяков Олжас Маратұлы мен
Кетпенбаев Талғат Танатқанұлы;
Лисаков қалалық сотына - Айтукова Анар Төлегенқызы;
Рудный қалалық сотына - Бижанова Әмина Мәлікқызы судья болып
тағайындалды.
Жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады.