Бала қазасына әкеп соққан жол-көлік оқиғасына айыпты деп күдіктелуші қамақа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жітіқара аудандық соты 1981 жылы туған аудан тұрғыны Ч-ны екі ай мерзімге тұтқындауға санкция берді. Ол ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігімен қарастырылған қылмыстық істе күдікті. (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану
 қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет).

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 8 қаңтарында сағат 15.30 шамасында орташа алкоголдік масаң күйде болған күдікті «Хюндай Акцент» автокөлігін басқарған. Жітіқара қаласы шетінде көлікке ие бола алмай жолдың оң жағына шығып кетіп, нәтижесінде  кәмелеттік жасқа толмаған екі қыз баланы көлікпен соққан. Балалардың бірі алған жарақат салдарынан оқиға орнында қаза тауып, екіншісі түрлі дене жарақатымен Жітіқара аудандық ауруханасына жеткізілген.

ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігімен қарастырылған қылмыстық іс 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі