Банктік қарыз бойынша сомманы өндіру туралы іс медиация келісімін бекітумен аяқталды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық сотында талапкер «Хоум Кредит энд Финанс Банк» АҚ-ның жауапкер П. азаматына банктік қарыз бойынша сомманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Татуластыру рәсімдерін өткізу барысында тараптардан дауды медиация тәртібінде реттеу бойынша келісімді бекіту туралы арыз түсті. Аталған келсім келесі шарттар бойынша жасалды: Банк 467 210 теңге қарыз соммасын өндіру талабынан бас тартып, жауапкерге қарызды өтеу үшін 2018ж. 20 маусымынан 2018 ж. 20 желтоқсанына дейін 57 145 теңге көлемінде ай сайын төлем жасауға мүмкіндік береді, ал жауапкер П. 400 010 теңге көлемінде қарызын мойындап, белгіленге мерзімде қарызды өтеуге міндеттенеді.

Татуластырушы судья қатысуымен жасасқан тараптар арасындағы дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу туралы келісімі сот ұйғарымымен бекітілді. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Пресс-служба Костанайского областного суда
Тегтер: