Бейбіт келісімге келді!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарасу ауданының №2 аудандық соты «Г» азаматтан зиян сомасы өндіріп алу туралы «Ақ Ниет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің талап арызы бойынша бітімгершілік келісім жасасу арқылы азаматтық іс тоқтатылды.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, жауапкер талапкердің «ИЖ 27175» көлігін  мас күйінде жүргізді, залал келтiрiлген апат нәтижесінде жол көлік оқиғасын жасаған. Талапкер жауапкерден 1260000 теңге сомасын, 38 мың теңге көлемінде сот шығындарын өндiрiп алу туралы сұрайды.

Істі жүргiзу барысында жауапкер мен талапкерден  бітімгершілік келісім бекіті туралы арыз түскен, оның шарты бойынша: талапкер өкілі «АқНиет» ЖШС залал сомасын өндіріп алу жөнінде жауапкер «Г» қарсы барлық шағындардан бас тартқан, өз кезегінде, жауапкер «Г» 2018 жылғы 1 желтоқсанға дейін талапкер «АқНиет» ЖШС төлеу міндетін алған. Азаматтық іс тоқтатылды, бітімгершілік келісім құқықтық салдары тараптарға түсіндірілді.

Бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі