Бұрынғы ерлі-зайыптылар соттакелісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы азаматтық дау тараптардың бітімгершілікке келуімен аяқталды.

Азаматша баласы үш жасқа толғанға дейін өзінің күн көрісіне бұрынғы күйеуінен алимент өндіру туралы шағымымен сотқа жүгінген. Сот отырысы барысында тараптар істі медиация  тәртібімен қарап, келісім бекітуге шешім қабылдады.

Медиациялық келісім шарттарына сәйкес, шағымданушы 8 АЕК көлеміндегі алимент өндіру туралы өз шағымынан бас тартады, ал жауапкер 2016 жылдың 15 наурызынан бастап 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін әр айдың бірінші күні карт-шотқа 5 АЕК көлемінде бұрынғы жұбайына ақша аударып тұрады. 

 Азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі