Халықаралық сарапшылармен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Балаларға мейірімді сот төрелігі» тақырыбындабейнеконференцбайланыс арқылы семинар өтті,оған Қостанайоблысының судьялар корпусы қатысты.

Сонымен қатар, оның жұмысына Қостанай облысы әкімдігінің  жастар саясаты мәселесі бойынша Басқарма, білім басқармасы балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімінің, Қостанай облысы Полиция Департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы,«Ана үйі», «Sinergi» қоғамдық қорөкілдері және отбасылық адвокаттар, медиаторлар, психологтар қатысты.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, оқу бағдарламалары, татуласу рәсімдері, «Отбасылық сот» пилоттық жобаның үйлестірушісі Улбосын Сулейменова өзінің кіріспе сөзінде бүгінгі таңда дауды шешуде міндетті кезең ретінде отбасылық медиацияның дамуына ерекше көңіл бөлініп жатқандығын атап өтті.

Германияның отбасылық сот қызметі,неке бұзу процестері мен отбасы істері бойынша іс жүргізу, бала құқығы туралы дауларды шешуде, отбасылық және ювеналды соттардың ара жігітуралыЗонтховен (Германия) қаласының учаскелік сот төрағасының бірінші орынбасары, отбасылық істері бойынша судьясы Кристиан Рохбаяндама жасады.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі