Қарабалық ауданының тұрғыны 190 литр гербицид ұрлаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының Қарабалық аудандық соты аумағы 190 литр болатын өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық құрылғы – гербицид ұрлаған 1991 жылы туған азамат В.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс материалы бойынша, 2014 жылдың тамыз айында Қарабалық ауданының Смирновка ауылында айыпталушы «Тогас и К» ЖШС тиесілі өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық құрылғыны, нақты аумағы 190 литр «Дезормон эфир 72 % к.э.»  маркалы  гербицид ұрлаған.

Аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестікте азамат В. механизатор болып жұмыс істеген. Гербицид ашық қол жетім жерде тұрған. ЖШС-ке 274 170 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірілген.

Айыпталушы В-ға қатысты ҚР ҚК 188 б. 1 б. бойынша қылмыстық іс тоқтатылды.

Тараптардың бітімгершілікке келіп, келтірілген залалдың өндірілуіне байланысты ҚР ҚК 68 б. 1 б. негізінде В. қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Қауылы заңды күшіне енген жоқ.  

Источник: 
Қарабалық аудандық соты