Қостанай қалалық сотында Ашық есік күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сондай-ақ азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында 2019 жылдың 09 сәуірінде Қостанай қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот төрағасының м.а. А. Тимофеев азаматтарды қызықтырған барлық сұрақтарға, заңнаманы түсіндіру арқылы жауап берді.

Өтініштер талап арыздарды беру тәртібіне, азаматтық істер бойынша сотқа өкілдікке, бейнеконференцбайланыс арқылы сот отырыстарын өткізу ерекшеліктеріне қатысты болды.

Сонымен қатар, А. Тимофеев қаралып отырған істер бойынша сот шешімімен келіспеген жағдайда жоғары тұрған сатыға шағым беру тәртібін түсіндірді.

 

Источник: 
Қостанай облыстық Сотының Баспасөз қызметі