Қостанай қалалық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық сотында өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өтті.

Іс-шара барысында Қостанай қалалық сотының төрағасы Мұрат Найманов 2014 жылғы жұмыс көрсеткішімен салыстыра отырып өткен жылы қаралған азаматтық істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды. 2015 жылы 30235 азаматтық іс пен 19699 материал аяқталған, бұл 2014 жылмен салыстырғанда істер санының 34,8 пайызға артқанын көрсетеді.

Сотқа қаралып отырған мерзімде 14764 азаматтық шағым түсіп, 6316 іс бойынша сот шешімі, 6357 бойынша сот бұйрығы шығарылған.

Сот төрағасы сот төрелігін жүзеге асырудың бұдан былай да ашықтығы мен жариялығын  қамтамасыз ету мақсатында сот отырыстарын 100 пайыз аудио-бейне таспа жазумен өткізуге шара қолданылғанын, шағымдар «Сот кабинеті» сервисі арқылы түсетіндігін, сотта медиация кабинеті жұыс істейтіндігін мәлімдеді.

 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс күшіне енді. Сонымен қатар ҚР Еңбек кодексі де қолданысқа еніп, заңдарды халыққа түсіндіріп настихаттау бойынша жұмыс жүргізілгенін сот төрағасы атап өтті.

Источник: 
Қостанай қалалық соты