Қостанай қалалық сотында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық сотында алимент өндіріп алу істерін талқылау бойынша семинар өткізілді.

Судья Асқар Бекенов, өз баяндамасында, алименттер өз сипаты бойынша алғашқы әлеуметтік маңызы бар өндіріп алу болып табылатындығын ерекше атап өтті, себебі олардың төленуі баланың өмірлік маңызы бар қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейіне тәуелді болып келеді. Әрбір балаға, дене бітімі тұрғысынан, ақыл-ой, рухани, имандылық және әлеуметтік тұрғыдан дамуына қажетті өмір сүру деңгейі қамтамасыз етілуі тиіс.

Кәмелет жасқа толмағандарды асырап-бағуға арналған алименттерді өндіріп алу санаты бойынша жылдың басынан бастап 235 арыз бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібінде және 18 арыз талап қою арқылы түскен. Қостанай қалалық сотында «Отбасылық сот», «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобалары іске асырылуда, және де іс-жүргізу әрекеттерінің алгоритіміне сәйкес, талап қою өндірісінің істері судья-татуластырушыдан өтеді. Жылдың басынан бастап кәмелет жасқа толмағандарды асырап-бағуға арналған алименттерді өндіріп алу туралы істердің 50 % тараптардың татуласуы арқылы аяқталған.

Источник: 
Қостанай облыстық Сотының Баспасөз қызметі