Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ғимаратында Тілдерді дамыту басқармасының өкілімен кездесу өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ғимаратында сот мамандары Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Б.Зейнекинмен «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбында кездесу өткізді.

Б.Зейнекин өз баяндамасында мемлекеттік тілдін жаңа алфавитке көшуінің маңыздылығы туралы айтты.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық салаларына енгізу, қолдану аясын кеңейту сұрақтары, сонымен қатар латын графикасына өтудің негізгі сұрақтары талқыланды, және сот мамандары басты түйінді мезеттеріне қатысты өз пікірлерін білдірді. 

Источник: 
САС г.Костанай