Қостанай маемлекеттік педагогикалық университетінің психологиялық факультетінің студенттерімен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы К.Шармухаметова және психолог Т.Молчановтың «Sinergy»қоғамдық қорының жетекшісі Р.Бровченконың қатысуымен « Отбасылық сот» пилоттық жобасы шеңберінде Қостанай  мемлекеттік педагогикалық университетінің психологиялық факультетінің студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында сот төрағасы К.Шармухаметова студенттерге психологтың отбасылық дауларды шешудегі, балаларды тәрбиелеудегі рөлін, психологтардың мамандануының қазіргі бағытттары бойынша « Отбасылық сот» пилоттық жобасын енгізу туралы студенттерге және оқытушыларды ювеналдық сотымен белсенді түрде ынтымақтасуға, бірлескен іс-шараларға қатысуға шақырды.

«Sinergy» қоғамдық қорының жетекшісі Р.Бровченко өз сөзінде студенттерді күрделі жасөспірімдерге, көп балалы отбасыларға, қиын жағдайдағы отбасыларға көмек көрсетуге шақырды.

Ювеналдық сот пен Султангазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Студенттер волонтерлік ұсынысқа белсенді түрде жауап берді.

 

 

 

 

 

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық Сотының Баспасөз қызметі