Қостанай облыстық соты ардагерлерді Жеңіс Күнімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев, облыстық соттың алқа төрағалары және судьялары, Судьялар Кеңесінің төрағасы М.Наймановпен бірге  майданға қатысқан ардагерлердің жесірлерін, тыл еңбеккерлерін және сот жүйесінің ардагерлерін 9 май-Жеңіс мейрамымен құттықтады.

А.Мерғалиев қатысушыларды құттықтап, Жеңіс күні- маңызды мереке екенін атап өтті.  Біз аталарымыз, әкелеріміздің арқасында,  бейбіт өмірде тұрып, Қазақстанды құрудамыз, келешекке сенімділікпен қарап, шаттанамыз. Жеңіс  күні-біздің еліміздің әрбір тұрғыны үшін өте маңызды және толғандыратын мереке, біз қайсарлықпен майданда және тылда батырлық көрсетіп,  көптен күткен Ұлы жеңіс күніне жақындаған даңқты Отан қорғаушыларға үлкен құрметтпен қарап, есте сақтап атап өтеміз.

Қостанай облыстық сотының судьясы С.Кайкенов Ұлы Отан Соғысына қатысқан өзінің атасы туралы естілікпен бөлісіп, оны ардагерлер мен әріптестері жылы қабылдады.

Ардагерлердің атынан отставкадағы судья Алексей Кобцев сөз сөйлеп, қатысушыларға барынша игілік тіледі. Сөзінің соңында  ардагер  «Соғысқа қатысушылардың ерлігінің арқасында біз осындай бейбіт өмір сүрудеміз» деп аяқтады. 

Мерекелік іс-шара ақ дастарқан басында жақсы  тілектер айтылумен аяқталды. Ардагерлер өздеріне көрсетілген қамқорлық пен ықыластарына үлкен ризашылықтарын білдірді. 

Источник: 
Пресс-служба Костанайского областного суда
Теги: