Қостанай облысында өткен заңгерлер конференциясында сот қызметкерлеріне алғыс жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының Әділет департаментінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.А.Карплюктің қатысуымен «Қазақстан заңгерлер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалында есептік және Кеңес құрамын сайлауға бағытталған конференция өтіп, онда 2013-2014 жылдардағы және 2015 жылдың 1 тоқсанындағы жұмыс қорытындыланды. 

Өткен екі жыл ішінде қостанайлық заңгерлер қоғамдастығы өзінің қалыптау кезеңін аяқтап, Қазақстан заңгерлері қоғамдастығының өзіндік саласы ретінде  танылды.

«Қазақстан заңгерлер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Кеңесінің жаңа құрамына «Қостанай облыстық соты кеңсесі» ММ басшысы Н.Қатарбеков кірді.

Сонымен қатар бақылау комиссиясының жаңа құрамы сайланып, оның құрамына облыстық сот кеңсесі басшысының орынбасары Ж.Тлеубаева алынды.

Конференцияда Кеңес филиалы төрағасы Е.Әбдірахмановтың бұйрығымен бірлескен жұмыс пен филиал жұмысын жақсартуға атсалысқан Қостанай облыстық соты Кеңсесі  мамандарына алғыс жарияланды.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі