Қостанай облысының тұрғыны жалған айыптау үшін 1,5 жыл бас бостандығынан шектеуге сотталды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Лисаков  қалалық соты  40 жасар азаматшаға  қатысты  ҚР ҚК 419 бабының 2 бөлігі (қылмыс жасалды деп  жалған айыптау)  бойынша үкім жариялады.

 

Іс  материалдары  бойынша, 2017 жылы 23 маусымда Лисаков қаласының прокуратура ғимаратында азаматша З., қылмыстық  жауапкершілікке алдын – ала қой қойып ескертіліп,  жалған мәлімет хабарлау мақсатымен,  жазба  түрде арыз беріп, оған қатысты  азамат М. оның еркіне қарсы жыныстық қатынаста болғанын және оның мүлкін ашық түрде ұрлады  деп хабарлады.

Аталған факт бойынша Лисаков қаласының іскі істер бөлімінде тіркеліп,  процессуалдық шешім шығару үшін жіберілді.

Сот үкімімен азамат  «З» 1 жыл  6 айға пробациялық бақылауға  алынып, бас бостандығынан шектеуге жазаланды. Сонымен бірге жылына 150 сағатқа, жергілікті орындау органдармен  ұйғарған жерде мәжбүрлеп еңбек етуге тартылды.

Үкім  заң күшіне енген  жоқ.

Источник: 
Пресс-служба Костанайского областного суда