Қостанайда баласы сүндетке отырғызу кезінде зардап шеккен ана шағымы бойынша сот шешімі шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық сотында 8 жастағы бала денсаулығына залал келтіру фактісі бойынша азаматтық істің қаралуы аяқталды. Баланың анасы соттан жеке емханадан денсаулыққа келтірілген залал үшін моральдық шығынды өндіруді сұраған болатын.   

Өткен жылдың 7 тамызында Қостанай тұрғыны баласын сүндетке отырғызу мақсатынмен жеке емханаға жүгінген. Қызмет құны 20 000 теңге. Баланың қандай да бір дәрі-дәрмекке аллергиясы бар не жоқтығын сұрамаған мадицина қызметкерлері медициналық қызмет көрсету туралы келісім шарт жасаған.

Сүндеттеу отасы жалпы  анестезия арқылы лазерлік жолмен жасалған.

Шағымданушының сөзінше, бірнеше күн бойы ісік басылмаған соң ол қайта емханаға жолыққанда дәрігер дөрекілік танытып,баланы немқұрайлы қарап, өздерінің кінәлі екендіктерін айтқан.

12 тамыз күні облыстық балалар ауруханасына барғанда бала ауруханаға жатқызылады.

Ал ЖШС-не лицензиясыз жұмыс естеу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Бүгінде баланың денсаулығы қалпына келе қоймаған. Бірнеше мәрте жасалған  анестезия салдарына ой-өрісінің дамуында кемшіліктер бар. Ал оның анасы жүйке неврозына шалдыққан.

Сот отырысы барысында тараптар медиация тәртібімен бітімгершілікке келуден бас тартқан.

Істі қарау нәтижесі бойынша сот азаматшаның шағымын ішінара қанағаттандырып, жеке емханадан шағымданушы пайдасына 20 000 теңге материалдық шығынды және 80 000 теңге моральдық залалды өндіруге шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі