Қостанайда сот шешімімен азаматшаның мүгедек баласын баққан жылдары еңбек өтіліне қосылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының тұрғыны мүгедек баласын баққан жылдарына еңбек өтілін еспетеудің заңды дерегін бекіту арызымен сотқа жүгінген.

Зейнеткерлікке шығар жасы жеткен азаматша мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына барған. Еңбек өтілі жылдарын есептеу кезінде арыз иесінің жұмыс өтілінің жеткіліксіздігі анықталады.

Ол кішкентайынан кезінен мүгедек болған баланың  анасы, яғни «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның 13 бабы 7 бөлігіне сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеуде 16 жасқа дейiнгi мүгедек баланы бағып-күткен уақыт есепке алынады. Азаматшаның 1982 жылы туған ұлына 3 жасында есту қаблеті нашар – 4 дәрежеде болуына орай диагноз қойылған. Мектепке дейінгі және мектеп кезіндегі білімді ол «Қостанай қалалық №3 түзету мектеп-интернаты» КММ алған. Және де ол өз үйінде анасымен бірге болған, мемлекеттік қамқорлығына жүгінбеген.

1994-1998 жылдар аралығында арызданушы ұлын бағып-күтуіне байланысты жұмыс істемеген. Осыған байланысты ол осы жылдарға жұмыс өтілін есептеуді сұраған.

Бұл жайтты мүгедек баласы білім алған түзету мектебінің мұғалімі сотта растады.

Қостанай қалалық соты заңды маңызы бар  деректі бекіту туралы арызды қанағаттандырды. Азаматшаның 1994 жылдың 14 сәуірінен 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін мүгедек баласын баққан кезеңі еңбек өтіліне есептелді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі