Қостанайда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2013 жылдың мамыр айынан бастап 2018 жылдың 29 наурызына дейінгі аралықта Д.Шакмаев, К.Аскарова, С.Фабрициус, С.Андреев, В.Киструга и Р.Мендибаев қаланың көңіл көтеру және басқа орындарда жыныстық қызмет көрсету үшін қыздарды пайдаланып, заңсыз жолмен табыс тапқан деп айыпталған.

Сот, Д.Шакмаев өзіне және ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне табыс табу үшін, 22 жәбірленушіні ұрлап, оларды заңсыз бас бостандықтарынан айырғанын анықтады. Бұл әрекеттер оларды жезөкшелікпен айналасуға тарту мақсатында жасалған, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты зорлық көрсету.Ұйымдасқан қылмыстық топ барлық уақыт бойы жәбірленушілерді, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандарды Қостанай қаласында арнайы жалданған пәтерлерде ұстаған.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сонымен қатар бір қатар сот сараптамаларымен, сотталушылардың жартылай кінәні мойындауларымен, қылмыстық істің материалдарымен және құпия тергеу әрекеттерімен дәлелденді.

Сот жазаны тағайындау барысында жеңілдету және ауырлату мән-жайларды, қылмыстық топтағы әрбір қатысушының рөлін, сотталушылардың жеке тұлғаларын ескерді. Сот жеңілдету мән-жайлар деп Д.Шакмаев, С.Фабрициус, С.Андреев, Р.Мендибаевта балалардың барын, В. Киструганың 2 топтағы мүгедектігін таныды.

Сонымен қатар, В. Киструганың әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануын таныды. Қалған сотталушыларда ауырлату мән-жайлар анықталмаған.

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Д. Шакмаевқа 15 жылға, С.Фабрициус, С.Андреев, Р.Мендибаевқа 14 жылға, В. Киструга мен К.Аскароваға 14 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі