Қылмысты мойындатамын деп қысым көрсеткен полиция қызметкерлеріне қатысты іс сотта қаралуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының №2 сотының қарауына  1989 ж.т. және 1990 ж.т.   полиция аға лейтенанттары, Қостанай облысы ІІД ІІБ Оңтүстік полиция бөлімінің төтен уәкілдеріне қатысты қылмыстық іс түсті. Олар өзгеге қасақана жан және психикалық  қасірет келтірген деп айыпталып отыр.

Айыптау қорытындысыны сәйкес, айыпталушы Р. айыпталушы М.-мен алдын ала сөз байласу арқылы екі жәбірленушіні ұстап 2014-2015 жылдар аралығында Қостанай қаласы аумағында автокөліктер аккумуляторларының ұрлығын мойындату мақсатымен оларға қорлық көрсеткен.

Осылайша, сотталушылар ҚР ҚК-нің 146 бабының 2 бөлімімен қарасырылған қылмысты жасаған.

Іс бойынша басты сот отырысы 14 шілдеде сағат 10.00-де болады.

Қайнар: 
Суд № 2 г.Костаная