Лисаков қаласында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Лисаков қалалық сотында   «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтарды  қабылдау қалалық сотының төрағасы Ж.Мирзалиев өткізді. Ашық есік  күні жергілікті тұрғындарға құқықтық көмек көрсету үшін, құқықтық мәдениетті көтеру, сот жүйесіне азаматтардың сенуін арттыру мақсатында және сот төрелігіне қол жеткізу үшін өткізілді.

Отырыс барысында Лисаков қаласының тұрғындары әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулының орындалу мерзімі бойынша,  құқықтық мәні бар фактіні анықтау туралы арыздың сотқа тапсыру тәртібі туралы сұрады.

Сот төрағасымен заңнама  бойынша толық және нақты жауаптар берілді.     

Источник: 
Лисаковский городской суд